

Рейдтің негізгі мақсаты – білім алушылардың мектеп аумағына алып келуге тыйым салынған заттарды әкелуінің алдын алу және білім алушылар арасында құқықтық тәрбие беру болды.
Рейд барысында мектеп инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері бірлесіп оқу кабинеттері мен оқушылардың жеке сөмкелеріне бақылау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, түсіндірме әңгімелер өткізіліп, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтненанты Байқабылов Жеңіс Мұханбетжанұлы және гимназия инспекторы полиция капитаны Искалиев Нұржан Кенжетайұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
