




Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда “Қысқы каникул уақытындағы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған іс-шаралар” жоспарына сәйкес “Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” атты кітап оқу челленджі ұйымдастырылды. Челлендж барысында білім алушылар қысқы демалыс уақытын пайдалы өткізіп, өздері оқыған кітаптары туралы қызыға әңгімеледі. Оқушылар шығармалардың мазмұнымен бөлісіп, кейіпкерлерге талдау жасап, алған әсерлері мен ой-түйіндерін ортаға салды. Бұл челлендж оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамытуға зор ықпал етті.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy
