ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына орай гимназиямыздың жоғары сынып оқушыларымен отставкадағы полковник, Ақтөбе облысы әскери ардагерлер филиалының төрағасы, Ангола соғысының ардагері, Қобда ауданының Құрметті азаматы Cатенов Қажымұхан Асауұлының қатысуымен ерлік сабағы өткізілді. Сабақ барысында ардагер ағамыздың Ел үшін еткен еңбектерін мысал ете отырып, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мақсатында айтқан өнегелі әңгімелері білім алушыларымызға оң әсерін тигізді деп ойлаймыз. Сонымен қатар ерлік сабағына Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімі, Рота командирінің орынбасары лейтенант Төлеш Бейбіт Абатұлы қатысып, әскери мамандықтармен оқушыларды таныстырып өтті.
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_bolimi
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие