🔹Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және оқушылардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
🔹Кездесуге келесі мамандар қатысып, өз бағыттары бойынша ақпарат ұсынды:
1. Ақтөбе облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі басқармасының жедел уәкілі Шагиров Жанибек Асылбекұлы.
2. Ақтөбе облысы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы үгіт-насихат тобының аға инспекторы полиция майоры Жолдыбаева Нұргүл Мырзаханқызы.
3. Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының маманы Құрманғалиев Данияр Рүстемұлы.
🔹Кездесу барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың зардаптары туралы бейнероликтер көрсетіліп, заң алдындағы жауапкершілік, қоғамдық тәртіп, мектеп аумағындағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар құқық бұзбаудың маңызы, теріс әрекеттердің болашаққа тигізетін әсері және қауіпсіз орта қалыптастыру жолдары айтылды.
🔹Шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың өз әрекеті үшін жауапты болу дағдысын қалыптастыруға бағытталған тиімді ақпараттық алаң болды.

@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva
@kochetov_eugene
@aqtobe_oblysy_akimdigi
@zholdas_nurlanuly
@jasaqtobe1
@samgat_artigalin
@aktobe_ishki_sayasat_bolimi
@aqtobe_akimat
@alishersadyk

#AQTOBEJASTARY