Ақтөбе қаласының әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында 9–11 сынып оқушыларына арналған құқықтық кездесу ұйымдастырылды.

⚖️Шараға Ақтөбе облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қадағалау басқармасының прокуроры Ж.Какимов, сондай-ақ Астана ауданы №2 қалалық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны А.Мұханбетқазина қатысып, жасөспірімдерге дәріс өткізді.

Спикерлер оқушыларға есірткі айналымы, интернет-алаяқтық, «дроппер» әрекеттері секілді жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері жөнінде түсінік беріп, заңдық жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Кездесу барысында оқушылар мамандарға сұрақ қойып, пікір алмасты.