


Бүгінде жасөспірімдер цифрлық кеңістікте жиі кездесетін күрделі қауіптерге тап болуда: құмар ойындар, фишинг, телефон арқылы алдау, қаржылық пирамидалар мен дроппершілік. Сондықтан аталған интерактивті ойын оқушыларды қаржылық тәуекелдерді тануға, дұрыс әрі ойланып шешім қабылдауға үйрету мақсатында жасақталды.
Ойынның алғашқы тестілеу кезеңіне біздің 10–11-сынып оқушыларымыз қатысты. Олар мини-тапсырмаларды орындап, виртуалды қаржыны басқаруды үйреніп, қаржылық қауіпсіздік бойынша сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылар ойынның өте қызықты әрі танымдық болғанын атап өтті. Сонымен қатар, қажетті білім болмаған жағдайда кез келген адам алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін екенін түсініп, мұндай оқытудың өзектілігі мен маңыздылығын ерекше атап өтті.
@aqtobe_bilim_bolimi
@bilim_qazyna_aqtobe
@aqtobe_bilim_baspqarmasy
@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
