
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 17 қазан – 17 қараша аралығында мектеп кітапханалары айлығына орай “Кітапханаға кітап сыйлаймыз!” атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, мектеп кітапханасының қорын толықтыру және рухани құндылықтарды насихаттау болды.
Оқушылар бұл бастамаға ерекше қызығушылықпен атсалысып, өздерінің сүйікті кітаптарын мектеп кітапханасына тарту етті. Әрбір оқушының сыйлаған кітабы – білім мен мейірімнің, ізгі ниеттің көрінісі болды.
Акция барысында кітапхана қоры жаңа көркем әдебиеттермен, танымдық және балаларға арналған әдебиеттермен толықты. Іс-шара ұжым мен оқушылар арасында үлкен қолдау тауып, мектепте оқу мәдениетін дамытуға өз үлесін қосты.
