Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың бойында отансүйгіштік, әділдік пен жауапкершілік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру мақсатында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

Каникул күндері білім алушылар қаламыздағы мәдени және тарихи орындарға экскурсия жасап, ұлттық құндылықтармен танысты. Сонымен қатар, оқушылар ел тарихын танытатын, патриоттық сезімді оятатын көркем және деректі фильмдерді тамашалап, өз әсерлерімен бөлісті.

Бұл шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық пен рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағытталып, олардың мәдени танымын кеңейтуге ықпал етті.
#Күзгіканикул2025Ақтөбе