




Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда Республика күні мерекесіне орай салтанатты концерттік шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін дәріптейтін әндер шырқап, би және көркем сөз орындап, өз өнерлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, гимназияның тәрбие бөлімі бойынша І тоқсанда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, түрлі бағыттағы сайыс пен байқауларда жүлделі орын алған үздік оқушылар марапатталды.
Мерекелік шара оқушылардың елжандылық сезімін арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды.
13 нед.
