Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 1,2 сыныптар үшін шахмат сабағы оқытылады.
Бұл Ақтөбе облысының білім басқармасы мен «Қазақстан Шахмат Федерациясының» бірлескен «Білім берудегі шахмат» республикалық жобасы аясында жүзеге асуда. 1,2 сыныптарында вариативті компонент сағаты есебінен шахмат сабағы өтеді.

? Шахмат – балалардың логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын және стратегия құру қабілетін дамытатын ең тиімді құралдардың бірі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:
«Шахмат – ақыл мен коммуникативтік дағдыларды шыңдауға мүмкіндік беретін бірегей спорт түрі».

Бүгінгі оқушы – ертеңгі жаңашыл тұлға.
Шахмат арқылы баланың ойлау мәдениеті, табандылығы мен шешім қабылдау дағдылары қалыптасады.