25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда жаппай Мемлекеттік Гимн орындалды.
Шараның мақсаты — оқушылардың елжандылық сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру болды.
Іс-шара барысында білім алушылар мен педагогтер бірлесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, отансүйгіштік және азаматтық сезімін қалыптастырды
Әл-Фараби атындағы №21 мектеп-гимназиясы —
білім мен парасаттың ордасы, арман мен үміттің мекені.
Бұл шаңырақтан шыққан әр шәкірт – еліміздің болашағы,
әр ұстаз – сол болашақтың сәулесін жаққан шырақ!Оқушыларға тілегім
Білімге деген ынтаң сөнбесін,
жүрегіңде үміт оты мәңгі жансын!
Арманға қанат бітіріп, биікке самғаңдар!