25 қазан — Республика күніне және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда салтанатты жиын өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар патриоттық рухтағы әндер орындап, ұлттық нақыштағы билер биледі. Сонымен қатар жиын барысында “Өзін-өзі басқару ұйымының Президенті” Тұрышева Айдана ант қабылдап, ұйым мүшелеріне арнайы төсбелгілер табысталды.
Шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыруға және елжандылық рухта тәрбиелеуге бағытталды.