
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның психологы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында білім алушылармен және педагогтармен түсіндірме-ағартушылық жұмыстар жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға радикалды идеологияның қауіптілігі, діни сауаттылықты арттырудың маңызы және бейбітшілік пен толеранттылық құндылықтары түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты — жастардың санасында зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайту, теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру болды.
