
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда полиция департаментінің өкілі Шагиров Жанібек білім алушылармен кездесу өткізіп, киберсауаттылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, зиянды әдеттердің алдын алу оның ішінде нашақорлықтың жасөспірім ағзасына зияндылығы туралы ағартушылық жұмыс жүргізді.
Кездесу барысында әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, интернет алаяқтықтың алдын алу, «дроппер» (басқаның атынан банк шоттарын ашу және заңсыз ақша аударымдарына қатысу) қылмысының қауіптілігі, жеке деректерді қорғау жолдары және сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы мәселелер талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кибермәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын насихаттау болды. @aqtobe_bilim_bolimi @aqtobe_bilim_basqarmasy @cyberpolaktobe
