17 қазан күні Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда түнгі уақыттағы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында мұғалімдер құрамы мен мектеп директорының қатысуымен түнгі рейд ұйымдастырылды.
Рейд барысында бірнеше аумақ қамтылып, қоғамдық орындарда жүрген жасөспірімдермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларының кешкі мезгілдегі қозғалысын бақылауда ұстау қажеттігі туралы ескертілді.