Бүгін, 2025 жылдың 17 қазанында, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия базасында 4-сынып оқушыларына арналған қалалық «Кішкентай білгірлер» командалық олимпиадасының қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.

? Олимпиадаға қаламыздың барлық мектептерінен:
– Қазақ тілінде оқытатын мектептерден 75 топ,
– Орыс тілінде оқытатын мектептерден 35 топ қатысты.
? Іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысып, өз үлесін қосқан барлық мұғалімдер мен жетекшілерге үлкен алғыс білдіреміз!
Осындай білім бәйгелері – оқушыларды ынталандырып, болашақ көшбасшыларды тәрбиелеудің негізі.