Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда мектеп медицина қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 5–8-сынып білім алушыларына «Дұрыс тамақтану пирамидасы» тақырыбында ағартушылық дәріс өткізілді.

Дәрістің мақсаты – оқушыларға дұрыс және теңгерімді тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтына баулу, күнделікті тағам рационында дәрумендер мен минералдарға бай пайдалы өнімдерді қолдану туралы түсінік қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында медицина қызметкерлері тамақтану пирамидасының негізгі сатыларын, яғни ағзаға қажет тағам топтарының арақатынасын таныстырып, жылдам дайындалатын тағамдар мен тәтті сусындардың зияны жөнінде нақты мысалдар келтірді.

Дәріс соңында оқушылар өз сұрақтарын қойып, дұрыс тамақтану дағдыларын күнделікті өмірде қолдану жолдары туралы пайдалы кеңестер алды.
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy