Құрметті ұстаздар қауымы!
Білімнің шамшырағы, даналық пен мейірімнің иесі – сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Біз, мектептің өзін-өзі басқару ұйымының — мектеп президенті мен парламент мүшелері, сіздердің тынымсыз еңбектеріңізге, төзім мен парасатқа толы жолдарыңызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздер біздің бойымызға адамдық қасиет дарытып, өмірге бағыт беріп келесіздер. Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!
Біз үшін сіздердің әрбір ақыл-кеңестеріңіз — өмірлік сабақ, әрбір жылы сөзіңіз — жүрекке жеткен ізгілік.
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Шәкірттеріңіздің құрметі мен алғысы әрдайым өздеріңізбен бірге болсын! ?
Құрметпен,
Мектеп президенті және мектеп парламенті мүшелері