Біздің гимназиямыздың түлегі, жол-патрульдік полиция қызметкері. Елеусізов Бекжан былтырғы қыстағы ақтүтек боранда жолда қалып қойған. Тәжікстан азаматтарын құтқарып, ерлік көрсеткені үшін “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.
Бұл — нағыз азаматтықтың, қайсарлықтың, кәсіби адалдықтың үлгісі!
Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық Полиция департаменті ұйымдастырған “Ұстаз — ұлы тұлға” іс-шарасы аясында Бекжанның ұстазы, тарих пәнінің мұғалімі Сәрсенбаева Сәулет Жамаладинқызы ерлік иесін тәрбиелегені үшін “Алғыс хатпен” марапатталды.
Ұстаз еңбегі – шәкірттің жетістігімен өлшенеді.
Осындай тәрбиелі, батыл ұлды тәрбиелеген ұстазымызға шексіз алғыс!
Бекжанға — қызметіне сәттілік,Сәулет Жамаладинқызына — шығармашылық табыс пен мықты денсаулық тілейміз!
Екеуі де — мақтанышымыз!
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy

