Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 3-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қарияға құрмет – ұрпаққа өнеге» тақырыбында сыныптан тыс шара өтті.
Шара барысында білім алушылар ата-әжелеріне арнап ән салып, би билеп, өлеңдер оқыды. Оқушылардың өнері қонақтардың көңілінен шығып, мерекелік шараға ерекше сән берді.
Іс-шараның мақсаты – қарттарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық тәрбиені насихаттау, білім алушыларға өнегелі жол көрсету.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.





