Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда ата-аналар комитетінің қызметін трансформациялау аясында мектептің ата-аналар комитетінің бірінші отырысы өткізілді. Жиналыста: «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының мақсаты, мектеп пен ата-ананың адал азамат тәрбиесіндегі ынтымақтастығы, сыныптағы жағымды ахуал мен тұлға дамуының негізі және ата-аналар қауымдастығының рөлі қаралды. Отырыс барысында Open talk форматында мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Сонымен қатар, білім алушылар шығармашылығы таныстырылды.