
?Табиғи апаттар – адамзат үшін үлкен сынақ. Әсіресе, Алматы облысы секілді жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда құтқару жұмыстарының жедел әрі тиімді жүруі аса маңызды. Осы мәселені шешуге үлес қосу мақсатында Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 10-сынып оқушысы Әбдіғани Мирас заманауи құтқару машинасының ерекше үлгісін жасақтады.
Мирас құрастырған шынжыр табанды құтқару машинасы тар көшелерде еркін қозғалуға, үйінділер астындағы адамдар мен жансыз заттарды жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Ол ультрадыбыстық сенсорлармен, газ анализаторларымен, айналмалы камералармен жабдықталған және қашықтан басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді.
«ҚұрылғыТабиғи апаттар – адамзат үшін үлкен сынақ. Әсіресе, Алматы облысы секілді жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда құтқару жұмыстарының жедел әрі тиімді жүруі аса маңызды. Осы мәселені шешуге үлес қосу мақсатында Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 10-сынып оқушысы Әбдіғани Мирас заманауи құтқару машинасының ерекше үлгісін жасақтады.
Мирас құрастырған шынжыр табанды құтқару машинасы тар көшелерде еркін қозғалуға, үйінділер астындағы адамдар мен жансыз заттарды жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Ол ультрадыбыстық сенсорлармен, газ анализаторларымен, айналмалы камералармен жабдықталған және қашықтан басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді.
«Құрылғының басты артықшылығы – оның жеңіл әрі берік материалдардан жасалуы. Алюминий қорытпалары мен композициялық материалдарды қолдану арқылы машинаның салмағын барынша азайтуға тырыстым. Сонымен қатар, апат орындарында улы газдардың таралу қаупі жоғары болғандықтан, ауа сапасын бақылайтын арнайы датчиктерді қостым», – дейді жас өнертапқыш.
Мирас инженер болуды армандайды. Ол өз құрылғысын одан әрі жетілдіруді, оның функционалын кеңейтіп, төтенше жағдайларда қолдануға барынша ыңғайлы етуге ниетті.
Болашақта бұл құтқару машинасы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде апат аймақтарында қолданылатын тиімді көмекші құралға айналатынына сенеді.
@oqu_agartu_ministrligi
@aqtobe_oblysy_akimdigi
