
“Шабыт” жобасы аясында гимназияның 9-сынып білім алушылары мен ата-аналары Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына барып, С.Ахмадтың “Келіндер көтерелісі” комедиясын тамашалады. Театр – адамзат мәдениетінің ең көне әрі ең маңызды өнер ошақтарының бірі.
