
17 ақпан күні Бастауыш сынып бірлестігі ұстаздарының арасында “Шығыстың сөнбес жұлдызы- Әбу Насыр әл Фараби” тақырыбында танымдық шара сайыс түрінде ұйымдастырылды.Сайыс 3 кезеңді қамтыды:
1) Бәйге
2) Сандар мен суреттер сөйлейді
3) Ойлан тап
Ұстаздар үш топқа (Отырар, Бағдат,Мысыр) бөлініп, әр кезеңге белсене қатысты.”Бәйге” кезеңінде викториналық сұрақтарға дұрыс жауап беру бойынша ұпай жинаса, “Сандар мен суреттер сөйлейді” кезеңінде Әл Фарабидің өмірі мен оқыған жерлеріне қатысты қызықты тапсырмалар берілді.Ал “Ойлан тап” кезеңінде Абай Құнанбаев пен ұлы ғұламаның нақыл сөздерінің арасынан Әл Фарабидің нақыл сөзін табу қажет болды.Шараға белсенді қатысқан үш топтың ұпай сандары шамалас болып, қатысушы ұстаздарға алғыс айтылды .
Ұйымдастырушылар:
Бегалина Ж.Б. Мубаракова А.А.
Табынбаева Д.Р.
