
Ұлттық кітап күніне орай Абай даңғылында “Кітап әлемі” атты тақырыпта көрме-инсталляция ұйымдастырылды. Көрмеге Абай, Ахмет, балалар әдебиетінің бәйтерегі Б. Соқпақбаевқа арналған көрнекіліктер, кітап туралы дәйексөздер, әдеби кітаптар қойылды. Кітап әлемі жайлы сұрақтардан әдеби викторина өткізілді. Шараға гимназия білім алушылары да қатысып, кітаптар көрмесімен танысып, әдеби кейіпкерлерді кездестірді.
