Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы мен Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның ИФМ кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 17 сәуірде «Математика, физика пәндерін оқытудағы тәжірибе мен ізденіс» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: бүгінгі заманның талабына сай озық технологияларды қолданудағы мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату.
Семинарда гимназия мұғалімдері «Нәтижелі сабаққа-STEAM-мен бірге», «Физика пәнін оқытуда STEAM жобаларын қолдану», «Дарынды оқушыларды анықтау және жұмыс жүргізу әдістері», «Сырттай бағалауда контекстік есептерді шығару жолдары», «Тиімді платформа-табысты нәтиже», «Физика сабақтарындағы тәжірибе, эксперимент», «Ұтымды әдіс-тәсіл – сапалы сабақ», «Ғылыми жобаның практикалық құндылығы» тақырыптарында іс-тәжрибесімен бөлісті.






