Ата-аналар назарына!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 ( Қазақстан Республикасы Оқу –ағарту министрінің 30 қаңтардағы 2024 жыл №16 өзгерісі) бұйрығы негізінде 2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1 сәуір – 31 тамыз аралығында «E-gov» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті баланың ата-анасы (заңды өкіодері) бере алады. Өтініш беру үшін ЭСҚ (электрондық-сандық қолтаңба, ЭЦП), PDF түрінде (файлдар көлемі 5 Мб аспауы тиіс) сканерлеу жолымен электрондық нысанға өзгертілген құжаттар топтамасы болуы тиіс.
Құжаттардың топтамасы:
1) № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама
2) «Бала денсаулығы паспорты» 052/у-2 нысаны
3) Баланың 3*4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті
Өтінішті қабылдау тәртібі
Бірінші кезекте Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия қызмет көрсететін аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші 3 (үш) үміткер, содан соң – бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс және толық құжаттар топтамасы бар 1 (бір) үміткер оқуға қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.

«Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия» КММ әкімшілігі