2024 жылғы педагогтарды аттестациялау Қазақстандағы білім беруді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл үдеріс білім сапасын арттыруға, тек жоғары білікті мамандарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аттестация кәсіби өсуге, оқыту әдістемесін жетілдіруге және педагогикалық қоғамдастықтың беделін арттыруға ықпал етеді. Жаңа ереже бойынша Педагогтердің білім деңгейі бойынша жеке лауазым санаты үшін бағалау критерийлері мен тиімділік көрсеткіштері әзірленді. Әр біліктілік санаты үшін белгіленген критерийлер қолмен тексеріліп, сараланды. Сонымен қатар жұмыс тобының мүшелері сабақты бақылаудың автоматтандырылған түрі әзірленіп, оны сабақ барысында сынақтан өткізіп көрді. “Аттестатталатын педагог платформадағы өзінің жеке кабинеті арқылы аттестациядан өтуге өтінішті өз бетінше бере алады, мұнда интеграциялық әдіс қолданыла отырып, мұғалімнің жеке деректері, білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасы, олимпиадалар мен жобалардағы нәтижелері, біліктілікті арттыру курстары, ПББ нәтижелері және т.б. ақпараттар жинақталған. Сондай-ақ, педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Жоспарланған жаңа өзгерістерге сәйкес, педагогтің жоғары кәсіби деңгейі мен табысты қызметі оқушыларының жетістіктеріне тікелей байланысты.