Интернет алаяқтықтан қалай сақтанамыз – маман кеңесі мен ескертпесіне назар аудару!

• Азаматтар өздерінің жеке деректерін, пластикалық карталардың реквизиттарын ешкімге хабарламауы қажет;
• Егер банк карточкаңыздың бұғатталғаны туралы телефоныңызға қоңырау шалса немесе SMS-хабарлама жіберілсе онымен байланысқа түспестен бұрын, өзіңіздің банк бөлімшеңізге барыңыз немесе оның ресми Cаll-орталығына қоңырау шалыңыз;
• Интернет арқылы сауда-саттық жасағанда бағасы тым арзан заттарды (автокөлік, пәтер, ұялы телефон т.б.) алуға қызықпаңыз және ол үшін алдын ала ақшалай қаражатты жіберуге асықпаңыз.
• Бағалы заттарды ұтып алғаныңыз туралы хабарлама (автокөлік, пәтер, ұялы телефон және т.б.) алған жағадайда, өзіңізге таныс емес адамдардың есеп-шоттарына ешуақытта ақша аудармаңыз.
• Сатушымен тауарды алғаннан соң ғана төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз;
• Электрондық поштаңызға, әлеуметтік желідегі аккаунтарыңызға және телефоныңызға келіп түскен белгісіз интернет-ресурстарға сілтеме арқылы кірмеңіз және онда көрсетілген сұрақтарға жауап бермеңіз;
• Белгісіз және тексерілмеген сайттар мен басқа да дереккөздерге жеке деректерді енгізбеу қажет.
• Сізге төлем жасау үшін жіберілген сілтемелерді немесе белгісіз байланыстардан жолданған СПАМ-жіберілімдерді ашпаңыз.
• Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік сілтемелерге өтуді ұсынады;
• Банкинг қызметтеріне қол жеткізу үшін құпия кодтарды үнемі өзгертіп отырыңыз,
• 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;
• Есеп-шоттағы ақша қозғалысын жиі тексеру қажет.
• Мұндай шаралар алаяқтықтан аулақ болуға және өз ақшаларын сақтап қалуға көмектеседі;
• Интернет желісі арқылы ұшақ, темір жол билеттерін сатып алу барысында тек тексерілген белгілі ресми сайттарды ғана қолданғаныңыз дұрыс;
• Жеке сипаттағы мәліметтерді (ЖСН, ұялы телефон нөмірі, банк реквизиттары, геомәліметтері бар фотоларды және т.б.) ашық көздер (әлеуметтік желілер мен мәссенджерлер) бойынша беруге және жариялауға болмайды.