2024 жылдың 03 ақпанында мектебімізде жаратылыстану пәні бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Нәтижелі сабаққа – тиімді әдіс-тәсілдер”тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзіреттілігін дамыту жолында STEAM технологиясымен оқытудың әдіс -тәсілдерін үйретіп, мәселелерді шығармашылықпен шешуге, мұғалімдердің ғылыми ізденушілігін, логикалық ойлау қабілетін арттыруға бағыт – бағдар беру.