2023 жылдың 28 желтоқсанында Астана қаласында ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі ұйымдастырған су үнемдеу тақырыбындағы республикалық сурет байқауында Ақтөбе қаласы, Әл – Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 10 «Б» сынып білім алушысы Мақсат Әлияның туындасы 1000-нан астам жұмыс ішінен таңдалып, “Үздік сурет” номинациясы жеңімпазы атанды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың Алғыс хатымен марапатталды. Жетекшісі Камбарова Салтанат Аманжоловна алғыс хатпен марапатталды.Сонымен қатар, 9 білім алушы: Кәрім Кемел, Болатова Қарақат, Аманғалиқызы Айнұр, Есбосынов Әлім, Бесбаева Балайым «Үздік шығарма» номинациясы бойынша және «Үздік сурет» номинациясы бойынша Юсупова Айназ, Абдығани Айсенім, Керімқұл Баян Алғыс хат иегерлері атанды.