Бейіндік оқыту және кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес «Еңбек елдің мұраты» атты кездесу өтті. Кездесудің мақсатты аудиториясы: 11 класс білім алушылары.
Кездесудің мақсаты: қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамның тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын жаю арқылы еңбекке сүйіспеншілікті насихаттау. Адал еңбек адамы дәріптеліп,қоғамға пайдасы, жеке қасиеттерін насихаттау.
Кездесуге ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамотасының және Ы Алтынсарин төсбелгісінің иегері, еңбек ардагері, ұстаздардың ұстазы Қорғанбекова Лиза Мырзалықызы арнайы шақырылған болатын.
Қорғанбекова Лиза Мырзалықызы 2004-2014 оқу жылдарында №21 қазақ орта мектебі, Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп гимназиясы директорының әдітемелік және оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Мұғалімнің жұмысын байыту принципін жүзеге асырушы.
Кездесу барысында Лиза Мырзалиқызы белгілі бір мамандық иесі болу жүректен екендігін сөз етті. Түлектердің ойларын тыңдап, сұхбат жүргізді. Өзінің ұстаздық жолынан, өмірінен мысалдар келтіре отырып білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Лиза Мырзалықызы – адал еңбек, төккен тердің арқасында елдің құрметіне бөлену қажырлы еңбек пен табандылықта және ең бастысы білімде деп сөзін түйіндеген болатын.
Қандай да бір салада жетіс¬тік¬ке жету үшін оған қызығу¬шылықтың болуы заңды-лық. Ал талапкердің болашақ бейіні жоғары оқу орнына түсер алдында анықталатыны белгілі. Көптеген мамандық арасынан таңдау жасап, бағыт-бағдар алу дұрыс мамандық таңдауға ық¬пал етеді. Кездесу соңында жанына жақын авиация саласымен байланысты “Өмір мұраты” атты таптырмас кітабын ұшқыш боламын деп армандап жүрген түлекке сыйға тартты.

Arrow
Arrow
Slider