Кезекті квест ойыны 9А класс оқушыларының арасында өтті.
Оқушылар 4 топқа бөлініп тілдік пәндерден және тарих, география пәндері бойынша білімдерін ортаға салды. “Олимп шыңы”, “В некотором царстве, в некотором государстве…”, “Тіл шамшырақтары”, “English time”, “Геокруиз”- аялдамаларында қызықты тапсырмалар, логикалық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеті, ой шапшаңдығы, тапқырлығы анықталды.
Топ оқушыларының әр аялдамадан жинаған ұпайларының қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар анықталды. Аялдаманың көркемделуі, тапсырмалардың қызықты ұйымдастырылуы бойынша пән мұғалімдеріне «Үздік мотиватор», «Шығармашыл ұстаз», «Ең қызықты резолюция», «Креативті ұстаз», «Үздік ұйымдастырушы» номинациялары берілді.
