Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 8А класс оқушыларының және пән мұғалімдерінің қатысуымен «БІЛІМ ЖҮГІН АРҚАЛАП, БИІККЕ САМҒА ЖАС ТАЛАП!»-Квест ойыны өтті.
Оқушылар 4 топқа бөлініп жаратылыстану –математика бағытындағы пәндер бойынша білімдерін ортаға салды. «Элементтер қалашығы», «Күзгі бақ», «5+», «Космос аялдамасы», «Meta әлемі»- аялдамаларында қызықты тапсырмалар, логикалық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеті, ой шапшаңдығы, тапқырлығы анықталды.
Топ оқушыларының әр аялдамадан жинаған ұпайларының қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар анықталды. Аялдаманың көркемделуі, тапсырмалардың қызықты ұйымдастырылуы бойынша пән мұғалімдеріне «Үздік мотиватор», «Шығармашыл ұстаз», «Ең қызықты резолюция», «Креативті ұстаз», «Үздік ұйымдастырушы» номинациялары берілді.