Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Жиында сөз алған қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі жетекшісі Г.К. Оразова тәуелсіз елдің
мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып өрістеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынов атамыздың туған күнімен құттықтады.
Шараны Ахмет Байтұрсынов шығармаларын жатқа оқыған оқушылар жалғастырды.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері дайындаған көрмеге оқушылар үлкен қызығушылық танытты.
