Ақтөбе қаласының аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен “ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЫ” сайысында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның “Жас Сарбаз” командасы жүлделі ІІ орын иеленді. Команда мүшесі Төребек Барлас “Үздік велосипед жүргізуші” номинациясымен марапатталды. Облыстық кезеңге жолдама алған “Жас Сарбаз” командасына сәттілік тілейміз!