

“Кәсіптік бағдар беру” апталығының жоспарына сәйкес 7-9-сынып оқушылары арасында “Сәнге айналған мамандықтар” тақырыбында пікірталас дебат өтті. Оқушылардың бойында мамандық таңдаудағы жауапкершілікті қалыптастыру, мамандық түрлері мен олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз ұшқыр пікірлерін еркін айтып, жүйелі ойлауға баулу мақсатындағы өткізілген дебат оқушыларымыздың ойына талғам, қиялына қанат бітірді.
