Хабарландыру
Әл-Фараби атындағы N21 мамандандырылған гимназия 6-сынып білім алушылары үшін 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған 7-сыныпқа іріктеу конкурсын өткізеді. 2023 жылдың 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында 6-сынып білім алушының ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен іріктеу конкурсына қатысу үшін өтініш (үлгі бойынша) қабылданады.
Өткізілу формасы тестілеу (офлайн).
Тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
– математика және логика 35 сұрақ;
-ағылшын тілінен-20 сұрақ;
-оқу сауаттылығы- 10 сұрақ;
– Казақстан тарихы -10 сұрақ.
Тестілеуге берілетін уақыт -120 минут.
Тест тапсыру тілі: қазақ тілі.
Іріктеу конкурсының өтілу уақыты қосымша хабарланады.
Мекен -жайы:
Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, ағ. Жұбановтар 273 Б.
