‼️Хабарландыру!
Ата-аналар назарына!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы негізінде 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «E-gov» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті баланың тек ата-анасы ғана (заңды өкілдері) бере алады. Өтініш беру үшін ЭСҚ (электрондық-сандық қолтаңба, ЭЦП), PDF түрінде (файлдар көлемі 5 Мб аспауы тиіс) сканерлеу жолымен электрондық нысанға өзгертілген құжаттар топтамасы болуы тиіс.

Құжаттардың топтамасы:
1) № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысаны
2) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi

Өтінішті қабылдау тәртібі
Бірінші кезекте Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия қызмет көрсететін аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші 3 (үш) үміткер, содан соң – бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс және толық құжаттар топтамасы бар 1 (бір) үміткер оқуға қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.
Гимназияның бірінші сыныбына қабылдау үшін мерзімі, нысаны мен тапсырмалары белгіленіп күнтізбелік жылғы 15 маусымға дейін емтихандар өткізеді.

«Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия» КММ әкімшілігі