Гимназияда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті М.А. Тыныбаева, вице- президент Н.С.Пұсырмановтың қатысуымен “Шағын жинақы мектептерде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету ” тақырыбында республикалық семинар-кеңестің практикалық бөлімі өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кемеңгер» оқырмандар клубының жұмысы көрсетілді. Гимназиядағы нәтижелі жобалардың оқу-тәрбие жұмысын реттеудегі рөлі, ұлттық құндылықтарды дарытудағы гимназия қабырғасында тұрақты жүргізілетін үйірмелер қызметі таныстырылды. «Білім ALL» жобасы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті.







